0
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Үржар аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күні

Туберкулез - жаһандық дерт, әлемдік проблема. Туберкулез - ауа тамшылары арқылы жұқпалы ауру. Тиісті емсіз туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адам жыл сайын орта есеппен 10 - 15 адамға жұқтыруы мүмкін. ДДСҰ мәліметтері бойынша, күн сайын бұл алдын алуға болатын және емделетін аурудан 4 500 - ге жуық адам қайтыс болады, ал 30 000 - ға жуық адам ауырады (олардың көпшілігі дамушы елдердің тұрғындары). Туберкулездің дамуына дұрыс тамақтанбау, уытты өнімдерді (темекі, алкоголь, есірткі) тұтыну, еңбек пен тұрмыстың қанағаттанғысыз жағдайлары, кейбір созылмалы аурулар (қант диабеті, қан аурулары, АИТВ) ықпал етеді.

18 наурыз  2024 жылы  Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Мақаншы  аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК  мен Абай облысының ДСБ бірлескен Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні 24 наурыз қарсаңында « Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранымен семинар өтті.