0
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Үржар аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Бірыңғай байланыс орталығы 1414

Халықтың қоңырау шалу мүмкіндігін арттыру және «жоғалған» қоңыраулардың үлесін қысқарту үшін МӘМС және медициналық көмек алу мәселелері бойынша консультацияларды 1414 бірыңғай байланыс орталығы ұсынады.

1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданады.

Бұл ретте Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты немесе Telegram-дағы @SaqtandyrýBot сияқты Қордың баламалы байланыс арналары бұрынғыдай жұмысын жалғастыратын болады. Оператордың жауабын күтіп, уақытты жоғалтқысы келмейтін азаматтар өз сұрақтарын сол арналарға жібере алады.

#МӘМС #фонд #медицина #областьабай